Оқу жылының қорытындысы туралы

Ағымдағы жылдың 1 шiлдесiнде онлайн режимiнде бiлiм беру ұйымдары басшыларының кезектi кеңесi өткiзiлдi.

Күн тәртiбiнде келесi мәселелер: 2021-22 оқу жылындағы оқушылардың бiлiм сапасының қорытындысы, бiлiм беру ұйымдары арасында конкурстар мен ғылыми жарыстарға қатысу бойынша рейтингтiң қорытындысын шығару. Сондай-ақ, басшыларға Ы.Алтынсарин атын. Ұлттық академияның «2022-23 оқу жылында ҚР орта бiлiм беру ұйымында бiлiм беру процесiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi туралы» нұсқаулық-әдiстемелiк хат жобасына сәйкес мiндеттер мен оларды шешу жолдары айтылды.

Кеңес барысында жалпыға мiндеттi оқу қорынан балалардың жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыру және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды демалуға және сауықтыруға кәсiподақтың демеушiлiк көмегi мәселелерi талқыланды.

Жаңа жылыту маусымына дайындық аясында мектептерге көмiр жеткiзу, отын дайындау бойынша сандар айтылды.

Басшылар 2 шiлдеде экологиялық сенбiлiк, 3 шiлдеде Домбыра күнiн өткiзу тапсырмаларымен және Астана күнiне арналған iс-шаралар жоспарымен танысты.

04.07.2022
Қараулар: 499
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет