Мемлекеттік қызметкерлердің командалық жұмысы

Мемлекеттік қызмет - бұл ең алдымен, командалық жұмыс. Қызылжар ауданының білім бөлімінде болашағы зор мемлекеттік қызметкерлер командасының құрамы қалыптасты. 05.01.2022 жылғы деректер бойынша мемлекеттік қызметшінің орташа жасы 40 жас, мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілі 10 жылды құрайды.

Білім бөлімінің мемлекеттік қызметкерлерінің командалық жұмысының жетістігі көбіне көшбасшыға байланысты. Міне, үшінші жыл білім бөлімін Мемлекеттік қызметтің түрлі лауазымдарында жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар педагог Амангелді Еслямбекұлы Әбдірахманов басқаруда. Жетекшіміздің көшбасшылық құзіреттілік қабілеті терең ойлануға және алдын ала әрекет етуге, басқаларға қарағанда алысқа кеңірек және ауқымды қарауға мүмкіндік береді. Парасаттылық, адалдық, жауапкершілік, патриотизм сияқты құндылықтар басқарушылық қызметте Амангелді Еслямбекұлына ауданның 51 білім беру ұйымын табысты басқаруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік қызметте 5 жылдан астам тәжірибесі бар қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі бас маман Роза Алдабергенқызы Елемесова балалардың заңды мүдделерін қорғауда еңбек етеді. Роза Алдабергенқызы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырады, әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарына қолдау көрсетеді.

Құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман Марат Серікұлы Сәдуақасов мемлекеттік қызметте 5 жылдан астам еңбек етіп келеді. Қызылжар ауданының білім беру ұйымдарында еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Әкімшілік-процестік заңнаманы сақтау мәселелеріне жетекшілік етеді. Ауданның білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг жүргізумен айналысады. Жаңа бастаған басшыларға консультациялық көмек көрсетеді. Сотта, фискалдық және құқық қорғау органдарында білім беру бөлімінің мүддесін ұсынады. Білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады, талап-арыз жұмыстарын жүргізеді.

Мамандардың табысты жұмысының кепілі тұрақты білім алу болып табылады. Осылайша, 2021 жылы мемлекеттік қызметшілердің 100% - ы біліктілікті арттыру курстарынан өтті, үш маман мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша оқытылды, бұл бекітілген қызмет регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге ықпал етеді.

Әріптестерімнің кәсібилігі, олардың жоғары моральдық адамгершілік қағидаттарының қорытындысы біреу: мемлекеттік қызметте-үздіктердің үздігі!

Мурзабаева А.С., сектор мең.

23.06.2022
Қараулар: 146
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет