Ауданның жалпы білім беретін мектептерінде болашақ бірінші сынып оқушыларына мектепке дайындық бойынша «Балақайлар мектебі» сабақтары басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерге бармаған немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін оқу жылы басталғанға дейін дайындық курстары ұйымдастырылады.

«Балақайлар мектебі» мектептерінің жанындағы мектепалды даярлық курстарын ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік басшылық»

Дайындық курстарының мақсаты бірінші сынып оқушысының сәтті бейімделуін қамтамасыз ететін, балалардың бастауыш мектепте оқуға интеллектуалдық, мотивациялық, эмоционалды-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру болып табылады.

Міндеттері:

баланың мектепте оқуға эмоционалды-позитивті қатынасын қалыптастыру;

болашақ оқушының тұлғасын қалыптастыру;

«мектепалды даярлық - бастауыш мектеп» сабақтастық қағидатын сақтау;

Балалармен жұмыс жасаудың ерекшелігі:

- белсенді, шығармашылық қызметке тарту;

- жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу;

- танымдық іс-әрекет үшін жағдай жасау;

- жағымды эмоционалды атмосфераны құру;

Оқытудың әдістері мен тәсілдері:

Ауызша: әңгімелеу, әңгімесу.

Қабылдау: мақұлдау, мадақтау.

Көрнекі: бақылау.

Практикалық: жаттығу, ойын әдісі, тапсырманы бірлесіп орындау.

Сабақ түрлері: дидактикалық ойын, ертегі, эксперимент, экскурсия, конкурс.

Баланың мектепке дайындық критерийлері:

жеке дайындық-оқу мотивациясы (мектепке барғысы келеді; оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді; жаңа білім алуға қызығушылық танытады);

зияткерлік дайындық-көкжиектің болуы, білімге деген қызығушылық;

әлеуметтік - психологиялық дайындық-біліктілік және құрдастарымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі;

Курсты аяқтағаннан кейін күтілетін нәтижелер:

- мектептегі тәртіп ережелерін сақтау;

- гигиеналық ережелерді сақтау;

- сурет бойынша әңгіме құрастыру;

- өлеңдерді мәнерлеп оқу;

- әңгіме, ертегілерді қайталау;

- сөздерді дыбыстық талдау;

- дауысты және дауыссыз дыбыстар;

- 10-ға дейінгі цифр мен сандарды білу;

- 20 шегінде санау;

- дәптер, кітаптар бетінде, кеңістікте, уақытта бағдарлау;

- қарапайым есептерді шешу;

- бейнелеу құралдарын қолдану.

Дайындық курсы тобындағы балалардың саны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы№ 615 бұйрығының «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитариялық қағидаларына сәйкес айқындалады.

09.08.2021
Қараулар: 660
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет