«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ «Соколовка орта мектебі» КММ директорының бос лауазым орнына орналасуға Конкурс

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ «Соколовка орта мектебі» КММ директорының бос лауазым орнына орналасуға конкурс жариялайды (150700, Қызылжар ауданы, Соколовка ауылы, Гагарин көшесі, 12, тел.871538-2-67-46).

Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз қызметінде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға құқылы.

Лауазымдық қызметіне кандидат тұлғағаға қойылатын біліктілік талаптары:

  1. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім (педагогикалық немесе бейін бойынша);
  2. Педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл, шағын жинақталған мектепте педагогикалық жұмыс өтілі кемінде үш жыл, басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі талап етілмейді;
  3. Бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, жоғары оқу орындарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);
  4. Педагогикалық салада кемінде үш жыл әкімшілік жұмыс тәжірибесі немесе білім беру ұйымдарында немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдарда басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
  5. Кандидатураны Облыстың білім басқармасымен келісудің болуы;
  6. Соттылығының болмауы.

Лауазымдық міндеттері. Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Жалпыға бірдей оқыту Заңына сәйкес бекітілген учаске бойынша балаларды жалпыға міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, Еңбек және басқалар) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды белгіленген нормалардан төмен емес ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді. Оқу-білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді.

Педагог кадрларды және көмекші персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін көтермелеуге және марапаттауға ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын; педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметті, еңбек туралы заңнаманы, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғану;санитарлық ережелері мен нормаларын;

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ «Соколовка орта мектебі» КММ директорының жұмыс өтіліне байланысты лауазымдық жалақысы — 192355 теңгеден 227030 теңгеге дейін.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Конкурстық комиссия төрағасының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
  5. Кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;
  6. Ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
  7. Біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі(болған жағдайда);
  8. Медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;
  9. Соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
  10. Мектепті дамытудың перспективалық жоспары.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмелері нотариалды немесе жұмыс орнының кадр қызметімен куәландырылады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға Кандидат Комиссияның қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы кез келген құжатпен расталған ақпаратты ұсынады.

Комиссия үш жұмыс күні ішінде: біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды олардың кандидат ретінде бекітілгені туралы, әңгімелесуден өту күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ ресми сайтына ұсынылуы тиіс. www.kzh-roo.sko.kz

Конкурс төрт кезеңде өткізіледі:

  1. Конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;
  2. Мектептің қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;
  3. Кандидаттарды Облыстың білім беруді басқару органдарымен келісу;
  4. Әңгімелесу.

Қызылжар ауданы, Бескөл а., Молодежная к., 2, ұйымдастырушылық-кадр жұмысы бөлімі. Анықтама телефоны: 871538-2-14-90, 2-18-10. E-mail: kyzylzhar_roo@mail.ru.

«Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ басшысы А. Әбдірахманов

03.12.2021
Қараулар: 804
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет