Мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешілерінің секциясы

2022 жылғы 24 тамызда "№3 Бескөл орта мектебі" КММ базасында "Білім берудің басты құндылықтары: патриотизм, білімге құштарлық, еңбексүйгіштік" тақырыбы бойынша мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешілерінің аудандық секциялық отырысы өтті.

Секция жұмысына ауданның білім беру ұйымдарының мектепалды даярлық сыныбының 40 тәрбиешісі қатысты.

"Қызылжар ауданының білім беру бөлімінің" әдіскері Д.М. Казиева 2021-2022 оқу жылының қорытындысын шығарды (біліктілікті арттыру курстары, педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау, тәрбиеленушілер мен педагогтардың конкурстар мен олимпиадаларға қатысуы). МДС тәрбиешілер қауымдастығының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары таныстырылды.

Секциялық отырыстың бірінші бөлімінде педагогтер жұмыс тәжірибесін ұсынды: Шнетова Г. И. № 3 Бескөл орта мектебінің тәрбиешісі мектепалды даярлық сыныбының пәндік-дамытушылық ортасының моделін ұсынды; "Мен үйрете аламын" республикалық конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпазы № 2 Бескөл орта мектебінің тәрбиешісі Погорельская Е. А. педагогтің кәсіби конкурстарға қатысуы арқылы педагогикалық шеберлікті арттыру туралы айтты; Исмагулова С.К "Парасат" мектеп-лицейінің тәрбиешісі балалармен шығармашылық бағыт бойынша жұмыс туралы айтты.

Секциялық отырыстың екінші бөлімінде білім беру бөлімінің әдіскері 2022-2023 оқу жылындағы МАД білім беру процесінің ерекшеліктері туралы айтып берді, сондай-ақ жаңадан қабылданған НҚА сәйкес бірыңғай құжаттама әзірленді.

Секция аяқталғаннан кейін жаңа оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуы бойынша ұсыныстар әзірленді.

24.08.2022
Қараулар: 510
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет