Облыстық V «Дауылпаз баба- Қожаберген» байқауының аудандық кезеңі

2023 жылы 9 ақпан күні «№2 Бескөл орта мектебі» кешенінде жалпы білім беретін оқу орындарының 6-11 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылған «Дауылпаз баба- Қожаберген» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Мақсаттары:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымен қайта қауышқан баһадүр бабамыз- Қожаберген Толыбайұлын өскелең ұрпаққа таныту;

- талапты, талантты оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру;

- тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау,өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету;

- оқушының шығармашылық әлеуетін дамыту;

Байқау 5 номинацияны қамтыды. Байқауға 10 мектептен 22 оқушы қатысты.

Байқау жеңімпаздарын назарларыңызға ұсынамыз:

I номинация: «Жырыма барша жұртым құлақ салсын!» Қожаберген өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу номинациясы.

3 орын — Алиева Диана ( Большая Малышка ом);

II номинация: «Өлеңнен салып жүрмін ою-өрнек...» оқушылар арасында сұлу сөзді серік еткен жас ақындар байқауы.

1 орын — Амангелді Жарқынбек 8 сынып (Красноярка негізгі мектебі);

2 орын — Исмагамбетова Диана 8 сынып (№3 Бескөл орта мектебі);

2 орын — Оспанов Арлан 10 сынып (№2 Бескөл орта мектебі);

3 орын — Рахым Амина 6 сынып (“Подгорное негізгі мектебі");

III номинация: «Сөз арнадым өзіңе, жырау баба...» жырау шығармаларының өміршеңдігін, оқырманымен рухани байланысын суреттеп, эссе жазу.

1 орын — Уринбасарова Дильбар 9 сынып («Парасат» м/л);

2 орын — Қайыржан Дильназ 9 сынып (№3 Бескөл орта мектебі);

3 орын — Батанова Ақмарал 11 сынып (№2 Бескөл орта мектебі);

3 орын — Дастан Далин (“Бескөл мектеп-колледжі");

IV номинация: «Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын...» оқушылар ақынның рухани мұрасының қазіргі заман жастары үшін маңыздылығын өздеріне жаңалық ретінде ашады, зерттеу жүргізеді.

2 орын — Бекенова Малика 11 сынып (№2 Бескөл орта мектебі);

3 орын — Пазыл Бахтияр 9 сынып (№2 Бескөл орта мектебі).

V номинация: «Әлеумет, аз жырымды қабыл ал...» автор өлеңдеріне/орыс тіліне/ аударма жасау.

1 орын — Қабдол Айгерім 10 сынып (Шаховское орта мектебі );

2 орын — Чемардакова Мария 9 сынып (Большая Малышка орта мектебі );

3 орын — Жумабекова Райгуль 9 сынып (№3 Бескөл орта мектебі).

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Барлық жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!

09.02.2023
Қараулар: 394
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет