«Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету»

2023 жылғы 15 ақпанда Бескөл ауылында «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында ата-аналар жұртшылығының кеңейтілген жиналысы өтті.

Кеңес жұмысына мектептердің қамқоршылық кеңестері, білім бөлімінің басшысы А.Е.Абдрахманов, Қызылжар ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі А. Г.Байқадамов, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Р.Д.Садулов, кәмелетке толмағандар инспекторы Ж.К.Какжанов, Бескөл ауылының білім беру ұйымдарының басшылары, директорлардың ТЖ жөніндегі орынбасарлары, білім бөлімінің әдіскерлері, әлеуметтік педагогтар және педагог-психологтар қатысты. Барлығы 90-ға жуық адам қатысты.

Байқадамов А.Г. кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қорқытудың алдын алу мәселелеріне тоқталды.

Әбдірахманов А.Е. ауданның білім беру ұйымдарында қабылданып жатқан қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді.

№ 2 Бескөл ОМ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы О.В.Шаляпина балаларды спортпен шұғылдануға тарту қажеттілігі туралы, отбасылық спорттық жарыстарды тұрақты негізде өткізу туралы ұсыныс жасады. №2БОМ ауданында футбол алаңын жайластыру, тренажерлерді орнату мәселесі көтерілді.

Сондай-ақ, ата-аналар жұртшылығы Бескөл ауылының ішінде камералар орнату және олардың жарамдылығын бақылау, жолдар мен жаяу жүргіншілер жолының бойында тротуарлар орнату қажеттігі туралы айтты.

Білім бөлімі отбасылық спорттық спартакиадаларды өткізу бастамасын қолдады. Оқушыларды ЖТК ауданынан мектептерге күнделікті тасымалдауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Ата-аналар қауымының барлық ұсыныстары бақылауға алынды.

16.02.2023
Қараулар: 339
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет