5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі туралы ақпарат

2024 жылы 1-2 ақпан күндері 5-6 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау.

Олимпиада жалпы білім беретін пәндері бойынша 4 кезеңде өткізілді: Математика, Жаратылыстану, Ағылшын, Орыс тілі мен әдебиеті, Орыс тілі, Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақ тілі, Қазақстан тарихы.

Академиялық адалдықты сақтау мақсатында олимпиаданы ашық түрде өткізу процесі youtube арнасына трансляцияланатын аудиториялардың бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілді.

Аудандық кезеңге 227 оқушы қатысты, оның ішінде 5 сынып – 109 оқушы, 6 сынып – 118 оқушы.

Аудандық кезеңнің жеңімпаздары олимпиаданың облыстық кезеңіне ұсынылды.

Оқушылардың жұмыстары мен олимпиада қорытындылары Google сілтемесінде орналастырылған:


https://drive.google.com/drive/folders/1Pv2OkniiPCmjXgQvHmKo9BFw9EbhAX0j?usp=sharing 5 сынып

https://drive.google.com/drive/folders/1vFZnfetRnx8TadfyQOUPU1SSugeQZ1t0?usp=sharing 6 сынып

02.02.2024
Қараулар: 275
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет