Сапа жайлы тағы бір мәрте

Ағымдағы жылдың 10 ақпанында Бәйтерек ОМ базасында Қызылжар ауданының білім беру ұйымдары әкімшіліктерінің мүшелері үшін СҚО білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының м.а. А.С.Мальгаеваның қатысуымен семинар өтті.

Аталған іс-шараға мемлекеттік аттестаттау рәсіміне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістерді түсіндіру қажеттілігіне байланысты білім бөлімі бастамасымен жасалды.

Алена Сәрсенбайқызы қатысушыларға мемлекеттік аттестаттаудың мақсаттарын түсіндірді, оқу құжаттамасын жүргізу кезінде мектептер жіберетін типтік қателіктерге толығырақ түсініктеме берді. Семинарға қатысушылар көптеген сұрақтарға жауап алды.

А.С.Мальгаева өз сөзінде басшылардың назарын Департамент қызметінің негізгі бағыты-білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз етуге аударды..

Семинарға қатысушылар осы іс-шараның өзектілігін атап өтіп, Алена Сәрсенбайқызына қызықты ақпарат пен Құзыретті түсініктеме бергені үшін алғыстарын білдірді.

10.02.2023
Қараулар: 397
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет