Жанашыр жүрек

Еріктілер-бұл көп нәрсені жасай алатын нақты күш. Еріктілер клубтарының мақсаты — адамдар мен қоғам игілігі үшін өз іс-әрекеттері, жасаған жұмысының негізінде адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу жұмыстың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Қызылжар ауданының 39 мектебінде мектеп өзін-өзі басқару шеңберінде еріктілер клубтары жұмыс істейді, олар өз мүмкіндіктеріне байланысты аға буын өкілдеріне көңіл бөліп, көмек көрсетеді. Мектеп оқушылары мен педагогтары қарт адамдарға іргелес аумақты абаттандыруға, сондай-ақ отын жаруға, көмір дайындауға және жер телімдерін жинауға көмек көрсетеді. Сапар барысында балалар еңбек ардагерлерімен қарым-қатынас жасайды, оларға өз қолдарымен сыйлықтар ұсынады, ал аға буын өкілдері өз кезегінде оларға өмірдің қызықты оқиғаларын айтып, тәжірибе мен кеңестермен бөліседі.

26.10.2022
Қараулар: 163
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет