2018 жылдың 25 мен 30 тамыз аралығында Астана қаласында жылдам радиотелеграфия бойынша Әлем чемпионаты өтіп жатыр. Оған 17 елден келген 140-қа жуық спортшы қатысу үстінде

Өз елiмiзде өтеп жатқан байрақты додаға Қазақстан құрамасының қатарында өнер көрсетiп жүрген төрт бiрдей жерлесiмiз бар. Олар Диас Сагандыков(БОМГ), Даниал Сагандыков пен Диана Сагандыкова(№2 БОМ) және ауданымыздың мақтанышы Азамат Мұстафин («Парасат» МЛ). Команданың жаттықтырушысы №2 Бескөл орта мектебiнiң дене шынықтыру мұғалiмi Тұрлыбаев Ақан Тлегенович.

Соңғы келiп түскен ақпараттар бойынша Азамат Мұстафин жекелей сында Әлем чемпионатының үздiк үштiгiне iлiгiп, жүлделi орыннан көрiндi.

28.08.2018
Қараулар: 1698
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет