Туристік алаң

"Қазақстан-Бақытты балалық мекені!" - «Казахстан – край счастливого детства!» атты жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде  Қызылжар ауданының білім бөлімі 2023 жылдың жазғы кезеңінде "Туристік алаң - 2023" ұйымдастырды. Қатысушылар-ауданның орта мектептерінің оқушылары.

2023 жылғы 08 тамызда Пеньково ОМ базасында 6 мектептің балалары (ПеньковоОМ, Белое ОМ, Асаново ОМ, Совхоз ОМ, Бугровое ОМ, Большая Малышка  ОМ) туристік соқпақ, көңілді старттар, әскери-патриоттық алаң және т. б. сияқты түрлі іс-шараларға қатысты. Пеньково ОМ педагогтары мен оқушылары қатысушылар үшін каратэден  қойылымдарын, оқушылардың шығармашылық нөмірлерін дайындады.

Көңілді өткізілген уақыт, жаңа достар табу, жаңа білім алып, туған өлкесінің таза ауасымен дем алып үйлеріне қайтқан қатысушыларға оң әсер етті.  Кетер алдында барлық қатысушылар дәмді түскі аспен тамақтандырылды.

Туристік алаңның жұмысы жалғасуда.

#Қазақстанбақыттыбалалықмекені

#Казахстанкрайсчастливогодетства #Жаз2023 #Лето2023 #демалыс #отдых

 

08.08.2023
Қараулар: 295
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет