Семинар-тренинг

2018 жылы 6 қараша күні Қызылжар аудандық білім бөлімі Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдерімен бірлесе отыра, Бескөл орта мектеп-гимназиясының қабырғасында тәжірибиемен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға аудан мектептерінің жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер ағылшын тілінде жүргізілетін (биология, химия, физика және информатика) 39 мұғалімдері қатысып, жаңа білім беру аясындағы үштілділікті қалай дұрыс қолдану жөнінде танысты.

Семинар-тренинг тыңдаушыларына НЗМ практикасынан сабақтың жоспарын, мақсатын дұрыс қоя білу техникасы үлгі түрінде көрсетіліп, түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану және де өздерінің озық іс-тәжірибиелерімен бөлісе алды. Семинар соңында рефлексия өткізілді.

08.11.2018
Қараулар: 1942
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет