Математика пәні мұғалімдеріне арналған семинарр!!!

2022 жылдың 09 қарашасында «No3 Бескөл орта мектебі» КММ базасында «Оқу-тәрбие үдерісі жағдайында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында математика пәні мұғалімдеріне арналған семинар – практикум өтті. Бұл тақырып мұғалімнің тәжірибесінде өзекті болып табылады. Семинар барысында мұғалімдер дарынды балалармен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті.

Бескөл No3 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Булатова Лия Қабиденқызы өз сөзінде «Дарынды балаларды анықтау бойынша диагностикалық жұмыс» тақырыбына тоқталды. Бескөл мектеп – колледжінің математика пәнінің мұғалімі Новичкова Татьяна Павловна дарынды балалармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері, сонымен қатар оқушыларды математикалық олимпиадаға дайындау жолдары туралы айтып өтті. Математикадан олимпиада есептерінің шешімін «Парасат» мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімдері Қамыспаева Әсемгүл Абайқызы, Тумабекова Мадина Сайранқызы көрсетті, Новокаменка орта мектебінің математика пәнінің мұғалімдері Абсаттаров Оңғарбай Серәліұлы және Телтаев Әсет Омарұлы математикалық олимпиадаға дайындық бойынша дидактикалық материалдарымен бөлісті.

Семинарға қатысушылардың берген жоғары бағасы іс-шараның жақсы ұйымдастырылғанын, талқыланған мәселелердің өзектілігін және мұндай кездесулердің пайдалылығын айғақтайды.

 

09.11.2022
Қараулар: 676
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет