Математика мұғалімдерінің отырысы

2023 жылдың 20 қыркүйегінде Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі аясында «Оқушылардың білім сапасын арттыру тетіктерін жетілдіру» тақырыбында математика пәні мұғалімдерінің аудандық отырысы өтті.

Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, оқу тәжірибесін зерттеу арқылы жетілдіру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, білім олқылықтарын жою сияқты өзекті мәселелер талқыланды.

Пәндік бөлімді талқылау барысында мұғалімдерге сабақта оқушылардың білім сапасын арттыру және отансүйгіштікке, білімге құштарлыққа, сыныптан тыс жұмыстарда еңбексүйгіштікке тәрбиелеу жұмыстарын жалғастыру ұсынылды.

20.09.2023
Қараулар: 332
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет