АУДАНДЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» ПӘН МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ТАМЫЗДЫҚ СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

2022 жылы 23 тамыз күні №2 «Бескөл орта мектебі» кешенінде

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру” тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне арналған аудандық тамыз секция отырысы өткізілді.Секция жұмысында 54-астам қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері қамтылды.

"Қызылжар аудандық білім бөлімінің" әдіскері Байгужинова А.И., 2021-2022 оқу жылының қорытындысы және де «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жаңа оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы әдістемелік-нұсқаулық хатпен таныстырды.

Жалпы секция барысында білікті ұстаздарымыз «Парасат» мектеп-лицейі Құлатаева А.Ж., «Қызылжар Абай орта мектебі» Шериева Д.Б., Байтерек орта мектебі Тулебаева Г.Р., Шаховское орта мектебі Рияпова Т.А., Сивково орта мектебі Есендыкова А.Ф. өз жұмыс тәжірбиелерімен бөлісті.

Секция соңында қатысушылар алған әсерлерімен және жақсы пікірлермен бөлісіп тілектерін білдірді.

25.08.2022
Қараулар: 497
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет