Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-тренинг

2023 жылы 1 қараша күні «Бескөл мектеп-колледж» ЖШС кешенінде орыс тілде оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері үшін «Мұғалімнің құзіреттілігі-сапалы білім негізі» тақырыбында аудандық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Қызылжар аудандық әдістемелік білім бөлімінің әдіскері А.И.Байгужинова Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министірлігінің Орта білім беру комитетінің «Қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтиханды өткізудің Жол картасын дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы ақпаратты атап өтті.Аудандық семинарға барлығы 40 мектептің 36 мұғалімі белсене қатысты.

Сонымен қатар, іс-шара барысында спикерлер өз іс- тәжірбиелерімен бөлісті:

  • «Жас ұстазды қолдаудағы тілдік құзыреттілікті меңгерту» - Озерное орта мектебі К.Қ.Ескулова;
  • «Функционалдық сауаттылық- білім сапасын жетілдірудің негізі бағдары» - «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС А.Ж.Құлатаева;
  • «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларға құрылған дескрипторлар арқылы жетудің жолдары» Бугровое орта мектебі Ж.М. Жуламанова;
  • «Орыс тілде оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту» - «Бескөл мектеп-колледжі» ЖШС А.Ж.Жанабеков;

Семинар қорытындысы бойынша ұстаздар арасында кері байланыс жүргізіліп, қатысушылар пайдалы ақпарат алды.

Семинар соңында спикер ұстаздарға Қызылжар аудандық білім бөлімінен арнайы сертификаттар табыс етілді. Жалпы семинар ұстаздардың мотивациясын күшейтетін жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

Барлық қатысушыларға кәсіби еңбекте жемістер және табыстар тілейміз.

01.11.2023
Қараулар: 355
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет