Республикалық XIX Абай және XI Махамбет оқуларының жеңімпазы

Жақында жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, гимназиялардың 5-11 сынып оқушылары арасында жылда дәстүрлi түрде өткiзiлетiн XIX Абай және XI Махамбет оқуларының республикалық кезеңi 2018 жылы тамыздың 23-24 күндерi өткiзiлдi.

Ауданымыздың Красноярка негiзгi мектебi 9-сынып оқушысы Амангелдi Есiм «Көңiлiм әндi ұғады » Абай мен Шәкәрiмнiң әндерi мен күйлерiн орындаушылардың номинациясы бойынша II орынды иеленiп, ерекше көзге түсе бiлдi.

Оқушымыздың жолы болып, өз өнерiмен қазылар алқасының мүшелерiн тәнтi етiп, Республикалық II дәрежелi дипломмен марапатталды.

Ә.Е. Байғожинова
Қызылжар АӘК әдiскерi

28.08.2018
Қараулар: 1620
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет