Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдеріне арналған аудандық семинар-тренинг

2024 жылы 21 ақпан күні «Вагулино орта мектебі» КММ кешенінде қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері үшін «Қазақ тілін оқытуда инновациялық технологияларды ұтымды пайдалану» атты аудандық семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Қызылжар аудандық әдістемелік білім бөлімінің әдіскері А.И.Байгужинова «Қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтиханды өткізудің Жол картасын дайындық жұмыстарының талаптарын, емтихан әдістемелік ұсыныстары және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде ақпарат жөнінде нақтылап айтылды. Аудандық семинарға барлығы 40 мектептің 34 мұғалімі белсене қатысты.

Сонымен қатар, семинардың бағдарламасына сәйкес спикерлер өз шебер -сыныптары мен ашық сабақтарымен бөлісті. Атап айтқанда, «Бескөл мектеп -колледжі» ЖШС Бримова Самал Аманбаевна, «Белое ОМ» КММ Ахметова Анар Сайлауовна, «Новокаменка ОМ» КММ Танабаева Гаупар Умирзақовна, «Қызылжар Абай ОМ» Молдагожина Перизат Саматилаевна, “Вагулино ОМ” КММ Кеңес Мадина Серікқызы, ашық сабақтар бойынша “Вагулино ОМ” КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері Совет А.Н.,Нұртазина Ә.А.

Спикер мұғалімдерге Қызылжар ауданының білім бөлімінен арнайы сертификаттар табыс етілді. Семинардың қорытындысы бойынша ұстаздарға одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар берілді.

22.02.2024
Қараулар: 276
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет