«Заманауи сабақты жоспарлаудағы тиімді әдіс тәсілдер мен технологияларды пайдалану» аудандық семинары

"Қызылжар ауданының білім бөлімі" КММ әдістемелік кабинетінің 2024 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес 1 наурыз күні география және биология пәні мұғалімдеріне арналған «Заманауи сабақты жоспарлаудағы тиімді әдіс тәсілдер мен технологияларды пайдалану» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

Семинарға қазақ тілінде оқытатын 17 география және биология мұғалімдері қатысты.

Семинардың ашылуында мектеп директоры С.В. Гренадеров, АӘК әдіскері А. М. Жүніспаева құттықтау сөз сөйледі, семинардың басында мектеп психологы Г. К. Байтурганова оң көзқарас мақсатында психологиялық тренинг өткізді.

"Архангельское ОМ" КММ мұғалімдері ашық сабақтар өткізді: география пәнінің мұғалімі Тұрсымбаев Мәди Әміржанұлы 10-сыныпта «Дүние жүзінің геосаяси кеңістігі», тақырыбы бойынша, биология пәнінің мұғалімі Байқабекова Айжан Амантайқызы 8-сыныпта «Есте мүшесінің қырылысы» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді,. Сабақтарда оқытудың белсенді формалары мен әдістері, сондай-ақ пәнді оқыту сапасын арттыруға ықпал ететін заманауи педагогикалық технологиялар қолданылды.

Семинар бағдарламасына сәйкес "Биология сабақтарында оқудың белсенді қолдау"тақырыбында мастер-класс көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті, ұсыныстар айтты. Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді.

Семинар қорытындысында АӘК әдіскері А. М. Жүніспаева семинардың қорытындысын шығарып, педагогтарға одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар берді.

01.03.2024
Қараулар: 207
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет