«Жобалау-зерттеу қызметі білім беру үдерісінде жүйелік әрекеттік тәсілді іске асыру құралы ретінде» аудандық семинары

2020 жылғы 09 қазанда онлайн режимiнде директордың оқу — тәрбие жұмысы жөнiндегi орынбасарлары, ҒӘЖ жөнiндегi орынбасарлары, әдiстемелiк бiрлестiктер басшылары үшiн аудандық семинар өттi. Семинардың басты мақсаты оқушыларды өткiзiлетiн конкурстарға тартуға және орындалатын жұмыстардың сапасын жақсартуға көмектесетiн жүйелi-әрекеттiк тәсiл болды.

Семинарға бiлiм беру саласындағы әдiстемелiк жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының аға әдiскерi Ташибаева Галия Коспановна қатысып, семинарға қатысушыларды 2019-2020 жылдың қорытындылары, 2020-2021 оқу жылында конкурстар мен олимпиадаларды өткiзу туралы, жобаларды қорғау кезiндегi ескертулер туралы хабардар еттi.

ОӘЖ бойынша орынбасары Алдабергенова Бахыт Ериковна, «Парасат» м/л физика пәнiнiң мұғалiмi Айтымов Ақылбек Бақытжанұлы «Зерттеу жұмыстарын жетiлдiрудiң тиiмдi жолдары: iс тәжрибемен бөлiсу» тақырыбы бойынша жобалау-зерттеу қызметiндегi жұмыс тәжiрибесiмен бөлiстi.

Якорь орта мектебiнiң ҒӘЖ бойынша оқу меңгерушiсi Ғабдулина Шнар Ғазизқызы дарынды оқушылармен «Жобалық қызмет оқушылардың өзiн-өзi табысты iске асыру құралы ретiнде» атты жұмысы туралы айтып бердi.

Дарынды оқушылармен жұмыс бойынша АӘК әдiскерi А.М. Жунуспаева 2017-2020 оқу жылында өткiзiлген конкурстар мен олимпиадалардың мониторингiмен таныстырды, конкурстардың қорытындысын шығарды. Семинар соңында одан әрi жұмыс iстеу үшiн ұсыныстар жасалды.

«Жобалау-зерттеу қызметі білім беру үдерісінде жүйелік әрекеттік тәсілді іске асыру құралы ретінде» аудандық семинары

09.10.2020
Қараулар: 1017
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет