«Lesson study» тәсілін қолдана отырып химия сабақтарында критериалды бағалау» аудандық семинары

2023 жылы 30 қараша «Якорь ОМ» КММ базасында бірлескен жоспарлауды, тиімді бақылауды, сабақты талдау тәжірибесін тарату мақсатында «Lesson study» тәсілін қолдана отырып химия сабақтарында критериалды бағалау» тақырыбы бойынша аудандық семинар өткізілді. Семинар жұмысына ауданның химия және биология пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Семинар жұмысы химия пәнінің мұғалімі Шакирова З.К. зерттеу сабағы 8-сыныпта «Экзотермиялық және эндотермиалық рекциялар. №4 зертханалық тәжірибе «Энергияны өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» тақырыбындағы ашық сабақтан басталды. Мектеп педагогтері бақылаудың әртүрлі тәсілдерін көрсетті: оқушылардың іс-әрекеті, бағалауды жүргізу, зерттеу барысы.

Семинар бағдарламасына сәйкес «Жиынтық жұмыстарға тапсырмалар құрастыру» тақырыбында практикум өткізілді.

Семинар қорытындысына АӘК әдіскері А.М. Жүніспаева химия және биология сабағында критериалды бағалау жүргізу бойынша ұсынысымен сөз сөйледі.

Семинар қорытындысы шығарылып, мұғалімдермен кері байланыс жасалынды.

30.11.2023
Қараулар: 290
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет