«Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы география сабақтарында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру» аудандық семинары

«Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылғы 14 ақпанда география пәні мұғалімдеріне «Оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы география сабақтарында негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға 27 мұғалім қатысты.

Семинардың мақсаты: оқытушының кәсіби дамуы және оқытудың белсенді нысандары мен әдістерін тиімді пайдалану бойынша тәжірибе алмасу арқылы білім алушылардың пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру.

Семинар барысында география пәні мұғалімі Р.С.Ирикбаева 7-сыныпта «Дүниежүзі халқының діні құрамы», С.Т.Уразова 9-сыныпта «Еңбек ресурстарының сандық және сапалық құрамы. Қазақстандағы демографиялық ахуал және демографиялық саясат» тақырыбы бойынша ашық сабақтарындағы жұмыс тәжірибесімен алмасты.

Семинар бағдарламасына сәйкес «№2 Бескөл ОМ» КММ география мұғалімі Г.А.Кайданова «География сабақтарында оқу мәтінімен білім алушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту нысандарының бірі ретінде жұмыс істеу», «Пеньково ОМ» КММ география мұғалімі Р.С.Ирикбаева «Сабақтың барлық кезеңдерінде белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбында мастер-класстар ұсынылды.

Семинар қорытындысында АӘК әдіскері А.М.Жунуспаева семинардың қорытындысын шығарып, педагогтарға одан әрі жұмыс істеу үшін ұсыныстар берді.

15.02.2024
Қараулар: 381
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет