Аудандық әдістемелік кеңес

АӘК жұмыс жоспары бойынша 3 қарашада "Аудан ұйымдарының қызметін заманауи міндеттер аспектісінде әдістемелік сүйемелдеу"тақырыбы бойынша отырыс өтті. "Қызылжар Абай ОМ" КҚ спикерлері А.К.Ермағанбетова мен Г.К.Қайнетова "Бөлінген көшбасшылық – ӘБ жұмысын ұйымдастырудағы тиімді тәсіл" тақырыбында Кайдзен қағидаты бойынша тәжірибе ұсынды; Оқу-тәрбие процесінде математикалық есептеулердің жаңа мүмкіндіктері туралы "Красноярка ОМ" КММ спикеры И.О.Меньшикова өз сөзінде "Оқыту практикасын жақсартуға бағытталған мектеп мұғалімдерінің аналитикалық құзыреттілігін" айтып өтті. Әдіскер Т.К.Ережеповпен оқу тоқсанының қорытындысы шығарылып, пәндер бойынша білім сапасына салыстырмалы талдау жасалды. Аналитикада әр мектеп бойынша өткен оқу жылының төртінші сыныбында және ағымдағы жылдың бесінші сыныбында үздік оқушылар мен жақсы оқушылардың саны белгіленді, динамика олардың саны төмендегенін көрсетеді.

Кадр мәселелері жөніндегі бас маман Ж.С.Искакова қатысушыларды "Педагогтерді аттестаттаудың жаңа қағидаларының жобасы туралы"хабардар етті. "2023-2024 оқу жылының оқу-тәрбие процесінің негізгі аспектілері", "Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатына және жалпы орта және негізгі орта білім беру курсынан үздік аттестаттарға үміткерлердің тізімін қалыптастыру туралы", сондай-ақ "ҰБТ-2024 өткізу ерекшеліктері туралы" тақырыбында АӘК меңгерушісі М.М.Туребекова сөз сөйледі.

03.11.2023
Қараулар: 274
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет