Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі

22 қарашада жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың аудандык кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталы білім алушыларды анықтау болып табылады. 5-6 сынып оқушылары келесі пәндер бойынша олимпиадаға қатысты:

  1. математика;
  2. жаратылыстану;
  3. қазақ тілі мен әдебиеті;
  4. орыс тілі мен әдебиеті;
  5. орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі;
  6. қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі;
  7. ағылшын тілі;
  8. Қазақстан тарихы

Аудандық кезеңіне 31 мектептің 132 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде оқитын 42 оқушы, 5 сынып - 79 оқушы; 6 сынып-52 оқушы қатысты,

Аудандық кезеңінің қорытындысы бойынша I орын алған мектеп оқушылары облыс кезеңге қатысады.

 

22.11.2022
Қараулар: 404
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет