Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі

2023 жылғы 19 және 20 желтоқсанда Қызылжар ауданында «Парасат» мектеп – лицейі КММ базасында 2023-2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.

Аудан мектептерінің жаратылыстану-математикалық (математика, физика, химия, биология, география, информатика) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, тарих,құқықтану негіздері, ағылшын тілі (неміс және француз тілдері) жалпы білім беретін пәндері бойынша 220 оқушысы қатысты.

Барлық қатысушылар үшін прокторинг құрылды, яғни олимпиаданы өткізу талаптарына сәйкес әрбір жалпы білім беретін пән бойынша жұмыс орны, тапсырмалардың басып шығарылған нұсқасы және тиісті пән бойынша жауап бланкілері берілді.

Олимпиаданың екінші кезеңінің ашықтығы мен академиялық адалдығын сақтау үшін оқушылардың жұмысы кезінде, сондай-ақ қазылар алқасы мүшелерінің жұмысы кезінде онлайн-трансляция ашылды.

Үздік нәтиже көрсеткен оқушылар облыстық және республикалық кезеңде аудан намысын қорғайтын болады.

20.12.2023
Қараулар: 409
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет