«Менің кіші Отаным» Республикалық Жас тарихшылардың зияткерлік конкурсының аудандық кезеңі

2023 жылғы 10 қазан №3 Бескөл орта мектебінің базасында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты Республикалық зияткерлік конкурстың аудандық кезеңі өткізілді.

Конкурстың мақсаты: туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын таланты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, мектеп оқушыларының тарих және оларды кішкентай отанына деген мақтанышын арттыру. Аудандық кезеңге ауданның 19 мектебінен 29 оқушы қатысты.

Аудандық кезең 2 турда өткізілді.

Қазақстан тарихы сұрақтары бойынша 1 тур — тестілеу.

2 тур номинациялар бойынша өткізілді.

9-10 сынып оқушылары бірінші турда 30 сұрақтан тұратын тестілеу жазды, екінші турда «Менің кіші отанымның тарихы» номинациясы бойынша оқушылар бейне-репортаж презентациясы форматында өз елді мекенінің тарихын ашып көрсетті, «Кіші отанымның символы» номинациясы бойынша бейне презентация форматында кіші отанға деген сүйіспеншіліктің символына айналған жануарлар, өсімдіктер мен адам туралы материалдар ұсынылды; «Менің кіші Отанымның болашағы» номинациясы бойынша макет ұсынылды; «Менің туған өлкем» номинациясы бойынша эссе жазды.

Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша бірінші орын алған оқушылар облыстық кезеңге қатысады.

10.10.2023
Қараулар: 261
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет