«Дебют» жас педагогтарға арналған облыстық байқауының аудандық кезеңі

1 қараша күні «№2 Бескөл ОМ» КММ базасында жас педагогтарға арналған «Дебют» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: жас педагогтардың әлеуметтік мәртебесі мен шығармашылық әлеуетін жандандыру, кәсіби шеберлігін одан әрі жетілдіру үшін жағдай жасау.

Аудандық кезеңде ауданның 13 мектебінен 18 жас педагог қатысты.

Аудандық кезеңде жас педагогтар мынадай тақырыптар бойынша эссе жазды: «Біздің педагогикалық дуэт» (тәлімгермен жұмыс), «Педагог мамандығы: күту — шындық — перспектива», «Мен — жаңа форматтағы ұстазбын». Эссе жазғаннан кейін байқауға қатысушылар оны құзыретті қазылар алқасының алдына ұсынды.

Конкурс қорытындысы:

I орын — Дарья Ильинична Сарсенбекова «Белое ОМ» КММ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

I орын — Сымбат Буркитовна Мынжанова «Г. Зенченко атындағы ОМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

II орын — Марина Анатольевна Мелихова «Қызылжар Абай орта мектебі» КҚ бастауыш сынып мұғалімі.

II орын — Жанар Асқарқызы Құралбаева «Чапаево НМ» КММ химия және биология пәндерінің мұғалімі.

III орын — Юлия Александровна Иваненко «Асаново ОМ» КММ физика және информатика пәндерінің мұғалімі.

III орын — Айжан Айкпаевна Мейрамгалиева «Соколовка ОМ» КММ математика пәнінің мұғалімі.

III орын — Надежда Ивановна Лубенцова «№2 Бескөл ОМ» КММ бастауыш сынып мұғалімі.

 

 

01.11.2023
Қараулар: 259
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет