Облыстық «Шал ақын оқулары» байқауының аудандық кезеңі

2023 жылы 3 қараша күні «№3 Бескөл орта мектебі» кешенінде жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушыларының арасында өтетін «Шал ақын оқулары» байқауы ұйымдастырылды.

Мақсаты: Мектеп оқушылары арасында Шал ақын шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау.Аудандық кезеңде ауданның 11 мектебінен 23-тен астам оқушылар қатысты.

Байқау 3 номинацияны қамтыды:

1 номинация: «Өлеңге тоқтамайды Шал дегенің» — Шал ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу. Байқауға өзі таңдаған 10 шығармасын мәнерлеп оқыды.

Қорытындысы:

I орын – Қанжарбекқызы Айман «Архангельское ОМ» КММ 10 сынып оқушысы.

II орын – Қанжарбекқызы Шолпан «Архангельское ОМ» КММ 10 сынып оқушысы.

II орын – Досанова Амина «Парасат» м-л КММ 9 сынып оқушысы.

III орын – Рябокрыс Мария «Соколовка ОМ» КММ 7 сынып оқушысы.

III орын – Пулатбекқызы Ақбалғын «Архангельское ОМ» КММ 10 сынып оқушысы.

III орын – Әбубәкір Асылхан «Бескөл мектеп-колледжі » ЖШС 9 сынып оқушысы.

2 номинация: «Қатты — құттыға өтпейді қайран тісім» — Шал ақын шығармашылығы бойынша эссе жазу.

Байқау қорытындысы:

I орын – Балтабекова Альмира «№3 Бескөл ОМ» КММ 9 сынып оқушысы.

II орын – Уракбаева Лаура «Бәйтерек ОМ» КММ 11 сынып оқушысы.

III орын – Байкадамов Диаз «Бәйтерек ОМ» КММ 10 сынып оқушысы.

III орын – Есимова Дарина «№2 Бескөл ОМ» КММ 10 сынып оқушысы.

3 номинация: «Сөз шебері» — өз шығармашылығы. Әр қатысушы 3 өлең ұсынады, 1 өлеңді жатқа оқып береді.

Байқау қорытындысы:

I орын – Рахым Амина «Подгорное НМ» КММ 8 сынып оқушысы.

II орын – Исмагамбетова Диана «№3 Бескөл ОМ» КММ 8 сынып оқушысы.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ I,II,III дәрежелі дипломдармен марапатталды.

03.11.2023
Қараулар: 315
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет