«Үздік авторлық бағдарлама» облыстық байқауының аудандық кезеңі

2023 жылдың 2 наурызында оқу пәндерінің, элективті курстардың, арнайы курстардың және пәндер бойынша таңдау курстарының авторлық бағдарламаларын құратын ауданның үздік педагогтерінің озық авторлық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында облыстық «Үздік авторлық бағдарлама»конкурсының аудандық кезеңі өткізілді. Байқауға бағыттар бойынша 9 авторлық жұмыс қатысты:

  1. Жаратылыстану-математикалық бағыт — 2 жұмыс;
  2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт — 3 жұмыс;
  3. «Педагогика және психология» — 2 жұмыс;
  4. «Қосымша білім беру» — 2 жұмыс;

Аудандық кезеңнің қорытындысы:

Жаратылыстану-математикалық бағыт:

ІІ орын — Габдулина Шынар Ғазизқызы — «Якорь ОМ»КММ физика пәнінің мұғалімі

«Педагогика және психология»

I орын — Сағандықова Әйгерім Сәбитқызы «Рассвет ОМ» КММ педагог-психологы

«Қосымша білім беру»

I орын — Терехова Ольга Александровна — «Бескөл мектеп колледжі» ЖШС Көркем еңбек мұғалімі.

Аудандық кезеңнің жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.

02.03.2023
Қараулар: 350
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет