Облыстық «Сұлу сөздің зергері» байқауының аудандық кезеңі

2024 жылы 25 қаңтар күні «№2 Бескөл орта мектебі» кешенінде жалпы білім беретін оқу орындарының 7-11 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылған «Сұлу сөздің зергері» облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Мақсаттары:

Мектеп оқушылары арасында Ғабит Мүсірепов шығармаларын насихаттау, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту.

Байқау 3 номинацияны қамтыды. Байқауға 14 мектептен 28 оқушылар қатысты. Байқаудың жеңімпаздары арнайы аудандық дипломдармен және сертификаттармен табысталды.

Жеңімпаз оқушыларға облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

25.01.2024
Қараулар: 214
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет