Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай «Сұлу сөздің зергері» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңі

2022 жылы 2 желтоқсан күні №3 Бескөл орта мектебі кешенінде Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай «Сұлу сөздің зергері» тақырыбындағы 5-11-сынып оқушыларына арналған облыстық байқауының аудандық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Ғабит Мүсірепов шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байқау 4 номинацияны қамтыды. Байқауға 13 мектептен 32 оқушы қатысты.

Байқау жеңімпаздарын назарларыңызға ұсынамыз:

I номинация: «Ғабит Мүсірепов-сөз зергері» атты Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы кейіпкерлердің монологін жатқа оқу.

1 орын — Әпсан Дариға 11 сынып (“№2 Бескөл орта мектебі";

2 орын — Қабдол Айгерім 10 сынып (Шаховское ом);

2 орын — Нұртаза Алмажан 8 сынып (Вагулино ом);

3 орын — Волкова Валерия, Касюкевич Лия 5 сынып (Вознесенка нм);

3 орын — Ережепова Айсу (“№2 Бескөл орта мектебі";

3 орын — Қанжарбекқызы Айман 9 сынып (Архангельское ом);

II номинация: «Ғабит Мүсіреповке арнау» жас ақындар байқауы.

1 орын — Төрехан Кәусар 9 сынып (“Бәйтерек орта мектебі";

2 орын — Амангельді Жарқынбек 8 сынып (Красноярка нм);

2 орын — Қанжарбекқызы Шолпан 9 сынып (Архангельское ом);

3 орын — Марат Мадина 5 сынып (“№3 Бескөл орта мектебі");

3 орын — Дастан Далин (“Бескөл мектеп-колледжі");

III номинация: «Жас бейнелеушілер» комикс

3 орын — Мейрам Досымжан 8 сынып (“Архангельское орта мектебі");

Әміржан Алтынай 5 сынып («Байтерек орта мектебі»);

IV номинация: «Театр-хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер» театрландырылған қойылым

1 орын — «Архангельское орта мектебі»;

2 орын — «Пеньково орта мектебі»;

3 орын — «Бескөл мектеп-колледжі», «Вознесенка негізгі мектебі»;

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Барлық жеңімпаз оқушыларды құттықтаймыз!


05.12.2022
Қараулар: 689
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет