«Үздік информатика кабинеті – 2021» конкурсының аудандық кезеңі

25 қараша мен 9 желтоқсан аралығында ауданның негізгі және орта мектептері арасында «Үздік информатика кабинеті – 2021» конкурсының аудандық кезеңі өтті. Конкурстың мақсаты мен міндеті оқу кабинеттері жағдайының білім беру процесін ұйымдастырудың қажетті жағдайларына сәйкестігін анықтау және информатика мұғалімдерінің кәсіби дамуын ынталандыру болып табылады. Оқу кабинеттерін техникалық, әдістемелік жабдықтауды жетілдіру бойынша педагогтердің қызметін жандандыру.Конкурстың негізгі талабы кабинеттердің жабдықталуын бейнеролик немесе презентация арқылы ұсыну болды.

Байқауға ауданның 10 мектебі қатысты. Қазылар алқасының шешімі негізінде аудандық кезеңнің жеңімпаздары болып келесі мектептер табылады: 1 орын иегері болып «Надежка НМ» КММ жұмыс авторы Поротикова Алла Сергеевна атанды, 2 орынды – «Қызылжар Абай ОМ» ҚҚ, жұмыс авторлары Курмангалиев Мурат Ракамжанович пен Бектурганов Кайрат Маратович иеленсе, 3 орынды – «Парасат» м-л» КММ, жұмыс авторы – Қажымуратов Даурен Аманжолұлы, «Новоникольское ОМ» КММ – автор Макаренко Александр Федорович, «№3 Бескөл ОМ» КММ – автор Альменова Гульмира Бауыржановна өз араларында бөлісті.

Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттар мен дипломдармен марапатталды.

«Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ барлық жеңімпаздар мен қатысушыларға шығармашылық табыс тілейді!

09.12.2021
Қараулар: 982
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет