«Планер в небо» бастапқы – техникалық үлгілеу бойынша қашықтықтан өтетін облыстық конкурс-практикумы

Ұйымдастырушылар:

- «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы»

- Ғылым , техника және технология бөлімі «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығы» КММ

Конкурстың мақсаты мен міндеттері:

- техникалық шығармашылықты насихаттау;

- оқушылардың танымдық қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

- бастапқы техникалық үлгілеу бойынша білім мен дағдыларды тексеру.

- қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың техникалық шығармашылығы мен өзара әрекеттестігі бойынша тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау.

Қатысушылар: жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру

ұйымдарының оқушылары.

Конкурсқа тапсырма:

Пенопластан планер жасау. Технологиялық карта (1-қосымша), сурет (2-қосымша) және планерді дайындау туралы сипаттама (3-қосымша) қоса беріледі.

Материалдар мен жабдықтар:

Ламинатталған төбелік плитка, рейка қимасы 10X3 мм. және ұзындығы 250 см., жүк (ауырлық орталығын реттеу үшін), мысты сым, сызғыш, қарындаш,кеңсе пышағы, тегістеу қағазы, желім, ағылшын түйреуіштері, пассатиждер.

Конкурстық жұмыстарды бағалау критерийлері:

- Үлгіні орындау технологиясының сапасы

- Модельдің ұшу сапасы

Конкурсты өткізу мерзімі мен тәртібі:

Конкурстық жұмыстар, электрондық түрде 2020 жылғы 1-22 сәуір аралығында электрондық пошта арқылы қабылданады incluziv.roo@mail.ru 

24 сәуірден кейін түскен конкурстық жұмыстар қаралмайды.

Конкурс жеңімпаздарының дипломдары мен қатысушылардың сертификаттары Қызылжар ауданының білім бөлімі сайтында сілтеме бойынша орналастырылады. http://kzh-roo.sko.kz/ 

Конкурсқа қатысу үшін электрондық пошта арқылы конкурстық жұмысты жіберу қажет: incluziv.roo@mail.ru:

- Word форматындағы өтініш / А.Т.Ә., жасы, оқушының білім беру ұйымы.

- планер үлгісі бар оқушының суреті;

- планердің дайын фото моделі;

- жұмыстың кемінде үш аралық кезеңдерінің суреті.

- екі минуттан аспайтын планерді іске қосу бейнесюжеті.

Қосымша ақпаратты телефон арқылы алуға болады:

87473999906 incluziv.roo@mail.ru 

Жумуков Мейрхан Сергалиевич

87058007224 kunsulu_saidalinova@mail.ru 

Сайдалинова Кунсулу Зейнуловна

Қосымша (DOC 270 Kb)

18.04.2020
Қараулар: 1173
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет