Балалар жылы аясында өткен аудандық дебаттік турнир

2022 жылдың 11 қарашасында балалар жылын мерекелеу аясында мектепаралық пікірсайыс турнирінің финалдық ойындары өтті. Ойындарға аймақтық мектепаралық ойындардың жеңімпаздары қатысты: 10 команда, оның ішінде 2 команда мемлекеттік тілде, 8 команда орыс тілінде.

Іріктеу ойындары АПФ форматында өтті. 1 ойын Якорь ОМ, Новоникольское ОМ және "Парасат" мектеп – лицейі мен Озерное ОМ, 2 ойын: Асаново ОМ мен Архангельское ОМ, 3 ойын: Пеньково ОМ мен Шаховское ОМ, 4 ойын: № 2 БОМ мен Пресновка ОМ командалары арасында өтті. Финалға төрт команда шықты. Финалдық ойын БПФ форматында өтті. Орындар келесідей орналасты.   1 орын: Якорь ОМ, Озерное ОМ, 2 орын: Пеньково ОМ, Парасат м-л, 3 орын: Асаново ОМ, 4 орын: № 2 БОМ. Жеңімпаздарға дипломдар беріледі.

Аудандық білім бөлімі атынан ойын төрешілеріне: Бугровое ОМ мұғалімі Д.Ю. Ракецкийге, Большая Малышка ОМ мұғалімі В. Сауковқа және Бәйтерек ОМ мұғалімі А.О.Кузеровқа үлкен алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

11.11.2022
Қараулар: 521
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет