Аудандық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің секциясы

2021 жылдың 27 тамызында «Ана тілі — 30 жылда» тақырыбындағы «Білімді ұлт — тұрақтылықты дамыту кепілі» атты аудандық конференция аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған секция отырысы өткізілді. Секцияға АӘК әдіскері А. И. Байгужинова және аудан педагогтары қатысты.

Аудан әдіскері А.И. Байгужинова қазақ тіл мен әдебиеті пән мұғалімдерін 2021-2022 оқу жылында «Қазақ тіл мен әдебиеті» пәнін оқыту ерекшеліктерімен, мектептердегі пән бойынша білім сапасының қорытындыларымен, педагогтердің кәсіби конкурстарға қатысу мониторингімен таныстырды.

№3 Бескөл ОМ мұғалімі Есмұқанова С.А. Чапаево НМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жукенова Б.Б., Боголюбово ОМ мұғалімі Сағандықова З.К., өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Секция қорытындысы бойынша білім сапасын арттыру бойынша ұсыныстар және жаңа оқу жылына арналған ұсыныстар әзірленді.

27.08.2021
Қараулар: 678
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет