Шығармашыл оқушылар арасындағы аудандық кезеңінің республикалық «Ақберен» өнер байқауы

Қызылжар аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «№2 Бескөл орта мектеп» кешенінде 2023 жылы 19 қыркүйек күні қазақ тілінде оқытатын мектептерде республикалық «Ақберен» өнер байқауы аудандық кезеңі ұйымдастырылып,өз мәресіне жетті.

Дарындылар додасына аудан мектебіміздің 8-11 сынып оқушылардың 20-дан астам өнерпазы қатысып, 6 номинация бойынша өзара мықтыны анықтады.

  • «Шешендік, білгірлік сайысы»;
  • «Көркем сөз оқу»;
  • «Эссе жазу»;
  • «Ұлттық аспапта өнер көрсету»;
  • «Ақындар айтысы»;
  • «Ақындар мүшәйрасы».

Ауқымды шараның жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаған қазыл алқасы жас жеткіншектердің бойында ұлтымыздың мәдениеті мен тарихы, ана тілімізге деген құрметті ұялатуда «Ақберен» сияқты байқаулардың маңызы зор екендігін атап өтті.

Еліміздің әлеуеті өнерлі, дарынды жастардың қолында. Тек жақсы білім мен тәрбие алып қана қоймай, осындай биік белестерді бағындыра беру қажет. Жан-жақты қолдап, шығармашылықтарыңызға шабыт беріп жүрген ұстаздарға деген алғысымызды айтамыз.

Байқаудың қорытындысы бойынша Қызылжар аудандық білім бөлімінің І дәрежелі дипломымен 4 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 4 оқушы, ал ІІІ дәрежелі дипломмен 3 оқушы марапатталды.

Құттықтаймыз!

19.09.2023
Қараулар: 317
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет