АУДАНДЫҚ АҒЫЛШЫН ТIЛI ПӘНI МҰҒАЛIМДЕРIНIҢ СЕКЦИЯСЫ

Ағымдағы жылдың 27 тамыз күнi ағылшын тiлi пәнi мұғалiмдерiне арналған «БIЛIМДI ҰЛТ — ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПIЛI» атты тамыз педагогикалық конференциясы аясында «Сапалы бiлiм — мәселелер мен шешiмдер» тақырыбында аудандық секция отырысы өттi. Секцияға аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi А.И. Байгужинова және аудан педагогтары белсендi қатысты.

Аудан әдiскерi А.И. Байгужинова ағылшын тiлi пән мұғалiмдерiн 2021-2022 оқу жылында «Ағылшын тiлi» пәнiн оқыту ерекшелiктерiмен, мектептердегi пән бойынша бiлiм сапасының қорытындыларымен, педагогтердiң кәсiби конкурстарға қатысу мониторингiсi жайлы қорытынды ақпаратпен таныстырды .

№2 Бескөл ОМ мұғалiмi Әшiм Р.И., Бугровое ОМ ағылшын тiлi пәнi мұғалiмi Шайбудакова А.Г., Пеньково ОМ мұғалiмi Жусупова А.Ж., өз iс-тәжiрибелерiмен бөлiстi.

Секция қорытындысы бойынша бiлiм сапасын арттыру бойынша ұсыныстар және жаңа оқу жылына арналған ұсыныстар әзiрлендi.

31.08.2021
Қараулар: 659
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет