«Www.atamekenim.kz» порталы «Мектепке жол» платформасын құру

Ағымдағы жылы республикада көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы оның дәстүрлi басталуына бiр ай ерте, шiлде айынан басталғандығы өздерiңiзге белгiлi.

«Ата мекенiм» қоғамдық қорының қолдауымен «www.atamekenim.kz» порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтiнiмдерiн қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылды.

Өз кезегiнде демеушiлер мен меценаттар ақшалай қаражатты онлайн-аудара отырып осы портал арқылы көмек көрсету бойынша өз ниеттерiн жүзеге асыра алады. Бұл платформа жыл бойы жұмыс жасайды.

Ата-аналардан немесе оларды алмастырушы тұлғалардан түскен өтiнiштер ұлттық бiлiм беру дерекқорының мәлiметтерiмен салыстырылатын болады, одан кейiн көмек атаулы түрде бөлiнетiн болады.

Сонымен қатар, көмек көрсетудiң дәстүрлi әдiстерi жалғасатын болады.

Сонымен бiрге, балалардың құқықтарын бұзу фактiлерi бойынша жедел әрекет ету және шаралар қабылдау үшiн «Телеграмм» мессенджерiнде «BALA QORAÝ» (https://t.me/bala_qorgau) чат құрылды.

«Мектепке жол» платформасын толтыру бойынша iс-қимыл алгоритмi

1. Қадам. Мекенжай өрiсiнде www.atamekenim.kz теру қажет

«Www.atamekenim.kz» порталы «Мектепке жол» платформасын құру

2. Қадам. «Мектепке жол» қойындысын таңдау

«Www.atamekenim.kz» порталы «Мектепке жол» платформасын құру

3. Қадам. «Өтiнiм беру» қойындысын таңдау және алаңдарды толтыру

«Www.atamekenim.kz» порталы «Мектепке жол» платформасын құру

08.08.2019
Қараулар: 1283
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет