Инклюзивтi қолдау кабинетiнiң ашылуы

Инклюзивтi бiлiм берудi дамыту мақсатында, Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ақсақалов Құмар Иргибайұлының тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясының жобасы аясында 2020 жылдың 2 наурызында №2 Бескөл орта мектебiнiң базасында ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетi ашылды.

Кабинеттiң басты мақсаты инклюзивтi бiлiм беру жағдайында бiлiм алу құқығын iске асыру үшiн ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балаларды қамтамасыз ету болып табылады. Мұндай кабинеттiң ашылуы-елiмiзде инклюзивтi қоғамды дамыту жолындағы тағы бiр қадам.

Кабинетте жеке бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру негiзiнде ҚББ бар балаларды бейiмдеу, түзету және оқыту үшiн арнайы жағдайлар жасалған. Осының бәрi ерте кезеңде ерекше бiлiм беру қажеттiлiгi бар балалар мен олардың отбасыларына уақытылы көмек көрсетуге мүмкiндiк бередi.

03.03.2020
Қараулар: 1327
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет