Екінші тоқсанда оқу — тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері

2020 жылғы 5 қарашада Қызылжар ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен АББ басшысы Амангелді Еслямбекович Абдрахмановтың модераторлығымен онлайн режимінде кеңес өтті, онда шектеу шаралары кезеңіндегі оқу-тәрбие процесінің негізгі мәселелері қаралды.

Білім беру ұйымдарында Сан ЕмН сақтауға ерекше назар аударылды, спикерлер келесі мәселелерге тоқталды: Қызылжар ауданының білім беру мекемелерінде COVID-19 ауруының статистикасы және карантин кезеңіндегі алдын-алу шаралары; Екінші оқу тоқсанындағы ОТЖ ерекшеліктері; күзгі каникул кезінде тәрбие процесін ұйымдастыру; Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі жұмыс туралы; Білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік қызмет көрсету туралы; ҰБТ-ға алдын-ала мониторинг. БКБ аяқталғаннан кейін білім беру ұйымдарының басшыларына ұсынымдар мен тапсырмалар берілді.

 

05.11.2020
Қараулар: 864
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет