Өңірлік білім беру мониторингін жүргізу туралы

Ағымдағы жылдың 17 наурызында білім берудің өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Күн тәртібіне Наурыз мейрамын өткізуге дайындық мәселелері, демалыс уақытында балалардың қауіпсіздік шаралары енгізілді.

Білім беру ұйымдарының басшыларына аудандық методкабинет меңгерушісі М.М.Туребекова «Білім алушылардың білімі мен дағдыларын айқындау» өңірлік білім беру мониторингін жүргізу туралы өзекті ақпарат берді: СҚО Білім басқармасының 28.02.2023 ж. № 256 бұйрығы айтылды, 3 және 7 сынып оқушылары арасында ББДА өткізудің негізгі міндеттері жарияланды. 2023 жылы «Білім алушылардың білімі мен дағдыларын анықтау» өңірлік білім беру мониторингіне қатысу үшін 6 мектеп анықталды: Барневка БМ, Долматов БМ, Бугровое ОМ, Сивково ОМ, Налобино ОМ, Рассвет ОМ.

Толық ақпарат мектептердің электрондық мекенжайларына бағытталған.

17.03.2023
Қараулар: 397
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет