РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ

«Жарқын болашақ» республикалық «KATEV» қазақ тiлi олимпиадасының облыстық кезеңi 2024 жылы наурыздың 2-i «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Бiлiм-инновация» мектеп-лицей-интернаты» КММ кешенiнде өткiзiлдi. Жарқын болашақ олимпиадасына оқыту тiлiне қарамастан, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың 7-11 сынып оқушылары қатыса алды.

Облыстық олимпиада барысында барлық ауданнан келген ең мықты қатысушылары қазақ және орыс тiлiнде екi топқа бөлiнiп, олар өздерiнiң шығармашылық шеберлiгi мен қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнен бiлiмдерiн шыңдап,бiлгiрлер бәйгесi , мәнерлеп оқу шеберлiгi, ән салу, сурет салу және эссе атты бес бағыттары бойынша күш сынады.

Ауданымыз бойынша «Жас қаламгер » номинациясы бойынша I-дәрежелi дипломның жүлдегер иесі «Парасат» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Уринбасарова Дильбар, III орын №2 Бескөл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кусаинова Арайлым, «Бейнелеушілер» номинациясының III орын жүлдегері №3 Бескөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Курманова Даяна, «Сөз шеберлер» бағыты : III дәрежелi орын №3 Бескөл орта мектебінің 8 сынып оқушысы Шевченко Сергей, «Әншi-бұлбұлдар» номинациясы бойынша 10 сынып Садуакасова Асел оқушымыз әсем әнiн шырқап, III дәрежелi дипломдарымен марапатталып, көрермендердi тәнтi еттi.

Облыстық кезеңінің I орын жеңімпазы “Парасат” мектеп-лицейнің 10 сынып оқушысы Уринбасарова Дильбар 2024 жылы 12-13 сәуірде олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.

Сәттiлiк тiлеймiз!

04.03.2024
Қараулар: 255
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет