РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» ҚАЗАҚ ТIЛI ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢI

«Жарқын болашақ» республикалық «KATEV» қазақ тiлi олимпиадасының облыстық кезеңi 2023 жылы сәуірдің 27-i «Облыстық дарынды балаларға мамандандырылған «Бiлiм-инновация» мектеп-лицей-интернаты» КММ кешенiнде өткiзiлдi. Жарқын болашақ олимпиадасына оқыту тiлiне қарамастан, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың 7-11 сынып оқушылары қатыса алды.

Облыстық олимпиада барысында барлық ауданнан келген ең мықты қатысушылары қазақ және орыс тiлiнде екi топқа бөлiнiп, олар өздерiнiң шығармашылық шеберлiгi мен қазақ тiлi мен әдебиетi пәнiнен бiлiмдерiн шыңдап,бiлгiрлер бәйгесi , мәнерлеп оқу шеберлiгi, ән салу, сурет салу және эссе атты бес бағыттары бойынша күш сынады.

Ауданымыз бойынша «Бiлгiрлер бәйгесi» номинациясы бойынша II-дәрежелi орын «Парасат» мектеп-лицейі 11 сынып оқушысы Капарова Аяулым және «Сөз шеберлер» бағыты : II-дәрежелi орын Бәйтерек орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жанаев Талғат, «Әншi-бұлбұлдар» бағыты бойынша 9 сынып оқушысы Садуакасова Асел әсем әнiн шырқап, III дәрежелi дипломдарымен марапатталып, көрермендердi тәнтi еттi.

Сәттiлiк тiлеймiз!

28.04.2023
Қараулар: 163
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет