Жаңа оқу жылындағы жаңа бағыт

2019 жылы тамыздың 21-i күнi Бескөл орта мектеп-гимназия кешенiнде қазақ тiлi мен әдебиетi пән мұғалiмдердiң аудандық тамыз секциясының жиналысы өткiзiлдi.Секция жұмысының бастапқы кезеңiнде, аудандық бiлiм бөлiмiнiң әдiскерi Ә.Е. Байғожинова өз сөзiнде жаңартылған бiлiм беру мазмұнының ерекшелiктерi туралы және де «2019-2020 оқу жылына арналған Қазақстан Республикасының жалпы бiлiм беретiн мектептерiнде бiлiм беру үрдiстерiн ұйымдастырудың ерекшелiктерi туралы» нұсқаулық-әдiстемелiк хаттың мазмұнын негiзге алды.

Секция жұмысының мақсаты: Пән бойынша бiлiм беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша тәжiрибелердi қорытындылау және тарату, бағдарламаны жүзеге асырудағы өзектi сұрақтарын бiрлесiп iздеу.

«Қазақ тiлi мен әдебиетi» пәнiн оқытудың өзектi мәселелерiн талқылай отыра, тәжiрибелi ұстаздарымыз Озерное орта мектебiнiң қазақ тiлi мен әдебиетi пән мұғалiмi А.Д. Саутова, Бәйтерек орта мектебi Г.А. Каикбаева, Д. Көксеген, Надежка негiзгi мектебi Н.А. Шериматова, Шаховское орта мектебi Ү.Т. Мұқанова шебер-сыныптарымен, презентациялық баяндамалар және өздерiнiң озық iс-тәжiрбиелерiмен бөлiстi.

Секция жұмысының қатысушылары пiкiрлестерiмен қызу қарым-қатынас жасап, өздерiнiң теориялық және тәжiрибелiк бiлiмдерiн көрсеттi, пәндер бағдарламасын тиiмдi жүзеге асырудың маңызды шешiмдерiн ұсынды.Жұмыстың қорытындысы бойынша ұсыныстар әзiрлендi.

Жаңа оқу жылындағы жаңа бағыт Жаңа оқу жылындағы жаңа бағыт Жаңа оқу жылындағы жаңа бағыт Жаңа оқу жылындағы жаңа бағыт Жаңа оқу жылындағы жаңа бағыт Жаңа оқу жылындағы жаңа бағыт

22.08.2019
Қараулар: 1218
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет