Екі аудандардың нетворкингі

БСӘжАТО бастамасымен «Кәсіби желі жағдайында мұғалімнің ғылыми-зерттеу мәдениетін белсендіру» тақырыбында аймақтық диалог алаңдарын өткізу жоспары жасалды, осы шара аясында 2022 жылдың 8 желтоқсанда Қызылжар ауданы М.Жұмабаев ауданындағы  өз әріптестерімен кездесті. Кездесу «№ 3 Бескөл орта мектебіінде» өтті. Диалогтық алаңдардың мақсаты: мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін зерттеуді ұйымдастырудың тиімді тәжірибелерін құру бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Нетворкинг шынайы өмір салтын көрсетеді: сіз өзіңізді тәжірибесі, мүмкіндіктері мен дағдылары сізде жоқ нәрсені беретін адамдармен қоршайсыз. Бұл ұзақ мерзімді, ең бастысы, өзара тиімді қарым-қатынас. Бүгінгі таңда спикерлер, яғни шебер ұстаздар мен зерттеуші оқытушылар мұғалімнің кәсіби маман ретінде дамуына кең мүмкіндіктер береді.

Аудитория, негізінен жас мұғалімдер, шеберлік сабақтарына қатысып, ақпарат алмасты, жаңа мүмкіндіктерді, педагогикалық қызметінде қолданатын идеяларын ашты. Білім ұйымдарындағы педагогтер әртүрлі жұмыс түрлерін орындайды. Ол ең алдымен оқытады, тәрбиелейді, бірақ сонымен қатар әдістемелік, ұйымдастырушылық қызметпен айналысады, қазіргі таңда ғылыми-зерттеу қызметі де өзекті болып отыр. Спикерлер Lesson study, Case Study, дидактикалық материалдар жүйесін құру, зерттеу мәдениетін дамыту, құрылымдық тапсырмаларды пайдалану, кіші жастағы оқушыларды зерттеуді ұйымдастырудың практикалық мәнін ашты, цифрландыру жағдайында ағылшын тілінің дағдыларын дамытуға арналған лайфхактарды ұсынды, жас мұғалімдер мектебін кәсіби дамыту құралы ретінде қарастырды.

Бүгін кәсіби нетворкинг өтті!!! Әріптестер пікір алмасып, өзара тиімді қарым-қатынас орнатты, жұмыс нәтижесін жақсартуға, мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін зерттеуде мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер пайда болды. Біз барлығына өз талпыныстарында қолдау көрсетеміз!

08.12.2022
Қараулар: 465
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет