«Білім беру ұйымдарында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды педагогикалық қолдаудың ұйымдастыру–әдістемелік негіздері» тақырыбы бойынша әдістемелік кеңес.

23.12.2022 Ж. "Парасат "мектеп–лицейі" КММ базасында Қызылжар  ауданының білім беру бөлімінің әдіскерлері мен директорлардың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен "Білім беру ұйымдарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға педагогикалық қолдаудың ұйымдастырушылық-әдістемелік негіздері" тақырыбы бойынша аудандық әдістемелік кеңесі өткізілді.

АӘК әдіскері А. Н. Кусаинова ЕБҚ  балаларға психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар берді. Инклюзивті білім беруді мектептің қазіргі білім беру жүйесіне интеграциялау ерекшеліктері туралы АӘК әдіскері А. Е. Магамбетова айтып өтті.

"№2 Бескөл ОМ" КММ бастауыш сынып мұғалімі А. И. Уразбаева, "Якорь ОМ" КММ математика мұғалімі И.Г. Хадисова және "Бугровое ОМ" КММ директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Е. Н. Чернакова "Lesson Study – мұғалімдердің оқыту сапасын арттыруға көмектесу үшін әдістемелік көмек көрсетудің тиімді нысаны" тақырыбы бойынша  жұмыс тәжірибесімен бөлісті

Семинар барысында барлық қатысушылар ерекше білім беруді қажет ететін  балаларға психологиялық–педагогикалық сүйемелдеу бойынша тәжірибелерімен алмасты, проблемалық сұрақтар талқыланып,  осы бағыт бойынша ұсыныстар берілді.

23.12.2022
Қараулар: 495
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет