«Мектепке жол» акция

Қызылжар ауданының құрметтi тұрғындары!

Қазақстан Республикасында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 12 жыл бойы өткiзiлiп келедi. Биылғы жылы көмекке мұқтаж балаларды барынша қамту мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы дәстүрлi басталуынан бiр ай бұрын, шiлде айынан басталып, 30 қыркүйекте аяқталады.

Акция барысында әлеуметтiк себептер бойынша мектепке бармайтын балаларды анықтауға, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк қорғалмаған топтағы балаларды мектепке дайындау бойынша көмек көрсетуге ерекше назар аударылды.

Бiлiм бөлiмi бiздiң ауданымыздың барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсiпкерлерге, меценаттарға, барлық немқұрайлы қарамайтын адамдарға акцияға қосылуға және өмiрде қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге, сондай-ақ балаларға мектепке өз жолын табуға жәрдемдесуге ұсыныс жасайды.

Көмек көрсету және кеңес алу үшiн келесi телефон бойынша хабарласа аласыздар: 8 (71538) 2-18-10, 2-11-63.

  1. «Мектепке жол» акциясының өткізілуі туралы бұйрық №445/а 2019 ж. 05.07. (ZIP 827 Kb)
  2. 2019 жылдың 1 шілдесінен 30 қыркүйегіне дейін «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық аксиясын «Жүректен, жүрекке!» ұранымен ұйымдастыру және өткізу туралы аудандық іс-шаралар жоспары (ZIP 1795 Kb)
  3. 01.07.-30.09.2019 жылғы «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының іс-шараларын жариялаудың медиа-жоспары (ZIP 380 Kb)
  4. 01.07.-30.09.2019 жылғы Қызылжар аудандық білім беру ұйымдарымен «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының іс-шараларын «Маяк» және «Қызылжар» газеттерінде жариялау кестесі (ZIP 306 Kb)
01.08.2019
Қараулар: 1050
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет