КММ «Якорь орта мектебі» директор бос лауазымына конкурс

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ «Якорь орта мектебі» КММ (150714, Қызылжар ауданы, Якорь ауылы, Интернационал көшесі, 1А, тел. 871538-3-43-69), «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ «Новоникольское орта мектебі» КММ («Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ 150710, Қызылжар ауданы, Новоникольское ауылы, тел. 871538-2-51-75), «Солтүстік қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ «Қызылжар ауданының білім бөлімі» КММ «Красногорка негізгі мектебі» КММ ( 150172, Қызылжар ауданы, Красная горка ауылы, тел.871538-5-18-38) директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме өзінің қызметінде мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, мектеп алды дайындық, бастауыш, негізгі орта және жалпы білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын жүзеге асыруға құқылы.

Лауазымға орналасу үшін кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

1) жоғары және жоғары білімнен кейінгі білімінің болуы (педагогикалық немесе бейіні бойынша);

2) педагогикалық жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;

3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы;

4) үш жылдан кем емес педагогикалық салада әкімшілік жұмыс тәжірибесінің болуы немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес білім беру білім беру ұйымдарында немесе ұйымдарда басқарушылық қызметте жұмыс өтілінің бес жылдан кем болмауы;

5) облыстық білім басқармасының кандидатура бойынша келісімінің болуы;

6) сотталмаған болуы тиіс.

Лауазымдық міндеттері.

Білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес басқарады. Педагогикалық және әдістемелік кеңестермен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын іске асыруды ұйымдастырады. Жұмыс жоспарын, жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын бекітеді. Жалпыға бірдей оқыту Заңына сәйкес бекітілген учаске бойынша балаларды жалпыға міндетті оқытуды қамтамасыз етеді. Оқу-тәрбие процесінің ғылыми-әдістемелік және материалдық-техникалық базасын ұйымдастырады және жетілдіреді. Оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың дамуын қамтамасыз етеді. Мұғалімдер (педагогикалық) ұйымдарының, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оқушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, Еңбек және басқалар) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды. Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды белгіленген нормалардан төмен емес ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді. Оқу-білім беру процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қажетті жағдайлар жасайды. Оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады. Белгіленген заңнама шегінде білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына иелік етеді, жыл сайын құрылтайшылардың қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп береді.

Нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының сақталуына жауап береді.

Педагог кадрларды және көмекші персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды. Педагогикалық кеңесті басқарады. Белгіленген тәртіппен қызметкерлерді аттестаттаудан өткізеді. Еңбекте ерекше көзге түскен мұғалімдерді және білім беру ұйымының басқа да қызметкерлерін көтермелеуге және марапаттауға ұсынады, өз құзыреті шегінде жаза қолданады.

Жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді. Мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, қажетті есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының «Білім туралы», « Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Неке және отбасы туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы», «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы «Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді; педагогика мен психология негіздерін; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын; педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; менеджмент негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды; еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын; санитарлық ережелер мен нормаларды

Жұмыс өтіліне байланысты Красногокав негізгі мектебі директорының лауазымдық жалақысы - 177 390 теңгеден 215 716 теңгеге дейін, Новоникольское орта мектебі - 177 390 теңгеден 215 716 теңгеге дейін, Якорь орта мектебі-177 390 теңгеден 215 716 теңгеге дейін.

Конкурс Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен   бекітілген, «Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидалары» негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) Конкурстық комиссия төрағасының атына тіркелген жері, нақты тұратын жері, байланыс телефондары көрсетілген өтініш; ;

2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) ескертпелер мен көтермелеулерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7)біліктілік санаты немесе ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі(болған жағдайда);;

8) медициналық куәландырудан өткені туралы құжат;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама.

10) мектепті дамытудың перспективалық жоспары

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариальды немесе жұмыс орнының кадрлық қызметімен расталады.

Аталған құжаттардың бірінің болмауы кандидатты Конкурсқа қатыстырмауға негіз болуы мүмкін.

Конкурсқа қатысуға кандидат комиссия қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін қорытындылау, наградалары туралы қандайда болмасын деректі расталған ақпаратты ұсынуға құқылы.Комиссия үш жұмыс күні ішінде мынаны хабарлайды: біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурс қатысушыларын, оларды кандидат ретінде бекітуі туралы, күні, уақыты және әңгімелесудің өтетін орны туралы.

Комиссия үш жұмыс күні ішінде: біліктілік талаптарына сәйкес келетін конкурсқа қатысушыларды кандидат ретінде бекіту, әңгімелесу өтетін күні, уақыты және орны туралы хабардар етеді.

Конкурса қатысу үшін қажетті құжаттар «Қызылжар аудандық білім бөлімі» ММ www.kzh-roo.sko.kz ресми сайтында, бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Байқау төрт кезеңде өткізіледі:

1) конкурсқа қатысушылардың біліктілігін бағалау;

2) мектептің қамқоршылық кеңесімен кандидаттарды келісу;

3) кандидаттарды Облыстың білім беруді басқару органдарымен келісу

4) әңгімелесу.

Мына мекен-жайға хабарласыңыз: Қызылжар ауданы, Бескөл а., Молодежная көшесі 2, ұйымдық-кадрлық жұмыс бөлімі. Анықтама үшін телефондар: 871538-2-11-63, 2-18-10. E-mail: kyzylzharroo@rambler.ru.

Басшы                                                                                                                                                             А. Әбдірахманов

13.08.2021
Қараулар: 745
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет