«Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» тақырыбындағы 8-11-сынып оқушыларына арналған аудандық эссе байқауының қорытындысы

М.Жұмабаевтың 130 жылдығына орай,2023 жылы 23-24 қараша аралығында «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы» тақырыбында онлайн-эссе байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың шығармаларын насихаттау арқылы оқушыларды Отанды сүюге, өз елін,тарихын білуге ынталандыру; оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту,жас ұрпақтың санасына,туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік,мақтаныш сезімін ұялату,ұлттық рухты сіңіру. Байқауға 14 мектептен 22 оқушы қатысты.

Байқау жеңімпаздарын назарларыңызға ұсынамыз:

1 орын-Якубова Дилнура 10 сынып (Бәйтерек орта мектебі);

2 орын – Темір Ернұр 11 сынып («Парасат» мектеп-лицейі);

2 орын – Ганзина Ольга 9 сынып (Бескөл мектеп-колледж);

3 орын – Есимова Дарина 10 сынып (№2 Бескөл орта мектебі);

3 орын- Эдеев Роман 10 сынып (Бескөл мектеп-колледж ЖШС);

3 орын – Сатыбалди Айжан 8 сынып (Чапаево негізгі мектебі).

Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

27.11.2023
Қараулар: 258
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет